Жалғыз жапырақ.

Аңдаусызда жолықтың
Аға дедің алдаусыз
Сені көктем елітті.
Мені мұңға малған күз
Күзгі бақта тұр еді
Жалғыз жапырақ құламай
Сол ғой менің жүрегім
Сені сүйген сұрамай

Қ-сы:
Аға дейсің бағым ба?

Алыстадық жыраққа
Өткен шақта өмір бар
Махаббат жоқ бірақта
Өтіп жатқан өмірдің
Көктемі жоқ күзі бар
Жалғыз жапырақ мен едім
Өзің келіп үзіп ал

Қарындас деп менде беу
Қиыламын әйтеуір
Жүрегімде гүлдеген
Жалғыз сөзді қайтемін
Сен еліктің лағындай
Сен сәбидің жүзіндей
Жеткізбейсің сағымдай
Үмітімде үзілмей

Sample comments about this video

"Өзбекшелеб айтқанда Yorvordiz aka gap yoq😂 керемет алға қарай басабер✊ ТАШКЕНТ"

"Каракалпачка тындарманын сол мен откенде концертинизге баралмай калган . Сизди жаксы коретин . ❤ Аллам разы болсын сизден."

"Ең алғаш осы әнді айтып шыққан кезінен таныған әншім! Керемет болыпты жаңа нұсқасы👏👏"

"Бойдак кезде кулпириб журген кезде хит болгангой ширкин сол кездерай еске тусти❤"

"Я люблю твою песню Ұмыт деме Керемет ән Күніне 10 рет точно тындайым По ночной Астане под песню Умыт деме ❤😊"