Қарасам дәл қазіргі жағдайыңа,
Жақсы сөз түспей қойды таңдайыма.
Мұңсыз деп тағдырыңды елестеттің,
"Мінсіз" сол ма жазылған маңдайыңа?!

Қайырма:

Дедің бе қу дүниені "жалған" екен,
Дәл осындай бақытсыз болма көкем.
Қоңыр шашың ағарып кетіпті ғой,
Қара көзің көгеріп қалған екен.

Қызыл ернің айтудан imenген ед(і),
Айттым ғой басқа адамға үйленбе деп.
Жүзіңе қарадым да, көп ойландым,
"Көзбояушы жігітке тиген бе?!" деп?!
Өзі сынды адамды сүйген бе деп?!

Шумақ:

Қалдырды көңіліме ғұмыр ұғым,
Саған ғана жүрегім жылыды мың.
Дәл сондай өмір керек болса саған,
Бар еді ғой менің де жұдырығым.

Қайырма:

Мен жүрмін тағдырымнан есемді ала,
Қасқыр аузым жемесем, жесем де қан.
Мен сені тастамауға ант бергенмін,
Бірақ, өзің "мені ал" десең ғана.

Түйреуішке тағдырлық түйреліпсің,
Сұлудан сұрықсыздау күйге еніпсің.
Қорғайтын жігіт іздеп жүр едің ғой,
Қорғануды өзің-ақ үйреніпсің.
О шіркін, сонда да сүйгенімсің!

Sample comments about this video

"Осы брат басқалар сияқты ұзақ күттірмей бірден салады ютубқа тректерін,ризамын✊.Әйтпесе тик токтан тыңдай беріп ығырың шығып кетеді де қызығы қашып кетеді..."

"Әдемі өлең екен, денем түршігіп кетті тышып отыр едім иоптвоюмать щщс"

"MYNBAY ағамыздың музыкалары алыс жолда әдемі өтеді бар ғой 🔥🔥 алға брат басабер"

"өте өте керемет барлық жерде тыңдай беремін MYNBAY әндерін, барлығы ерекше жағымды"

"Қарасам дәл қазіргі жағдайыңа, Жақсы сөз түспей қойд таңдайыма. Мұңсыз деп тағдырыңды елестеттің, Мінсіз сол ма жазылған маңдайыңа. Дедің бе қу дүниені жалған екен, Дәл осындай бақытсыз болма көкем. Қоңыр шашың ағарып кетіптіғой, Қара көзің көгеріп қалған екен. Қызыл ернің айтудан именген ед, Айттымғой басқа адамға үйленбе деп. Жүзіңе қарадым да көп ойландым, Көзбояушы жігітке тиген бе? деп. Өзі сынды адамды сүйген бе? деп. Қалдырды көңіліме ғұмыр ұғым, Саған ғана жүрегім жылыды мың. Дәл сондай өмір керек болса саған, Бар едіғой менің де жұдырығым. Мен жүрмін тағдырымнан есемді ала, Қасқыр аузым жемесем, жесем де қан. Мен сені тастамауға ант бергенмін, Бірақ өзің мені ал десең ғана. Түйреуішке тағдырлық түйреліпсің, Сұлудан сұрықсыздау күйге еніпсің. Қорғайтын жігіт іздеп жүр едіңғой, Қорғануды өзің-ақ үйреніпсің. О шіркін сонда да сүйгенімсің!"

"Просто супер сөз жок👍 баса беріңіз әр әніңіздің терең мағынасы бар🫶🏻🫶🏻"