Менің қалауым,
Қателесіп ұрыну емес,
Сүріну емес.
Теңімді таңдап,
Таңдауымнан жалығу емес,
Жаңылу емес.
Жоқ, жетер,
Жүрмеймін енді бос бекер...
Керегі маған осы екен,
Түсіндім енді,
Махаббат жеңді!
Мен жай ғана
Шын ғашық болғым келеді,
Барымды бергім келеді.
Жаныма менің керегі —
Ол махаббат.
Мен жай ғана
Бір алау жаққым келеді,
Жүректің теңін тапқым келеді.
Себебі
Жалған ойынға сеніп болдым,
Жетер енді...
Менің қалауым,
Алдап жүрек жаралау емес,
Қаралау емес.
Байланып сеніп,
Өтінішпен «кетпе» деу емес,
Өкпелеу емес.
Жоқ, жетер,
Жүрмеймін енді бос бекер...
Керегі маған осы екен,
Түсіндім енді,
Уақыты келді!
Мен жай ғана
Шын ғашық болғым келеді,
Барымды бергім келеді.
Жаныма менің керегі —
Ол махаббат.
Мен жай ғана
Бір алау жаққым келеді,
Жүректің теңін тапқым келеді.
Себебі
Жалған ойынға сеніп болдым,
Жетер енді...
Мен жай ғана
Шын ғашық болғым келеді,
Барымды бергім келеді.
Жаныма менің керегі —
Ол махаббат.
Мен жай ғана
Шын ғашық болғым келеді,
Барымды бергім келеді.
Жаныма менің керегі —
Ол махаббат.
Мен жай ғана
Бір алау жаққым келеді,
Жүректің теңін тапқым келеді.
Себебі
Жалған ойынға сеніп болдым,
Жетер енді...
Sample comments about this video
"Басыма үйлену жазса құдайым Мирас тойымда осы оленди аитса екен деп армандаймын аумин"
"Марғұлан, мен сізге де молшылық, махаббат, мейірім, мол бақыт, мықты денсаулық, мәртебе, мерей, мұрат, мақсат, мансап, мүмкіндіктер, мәңгілік қуаныш, мөлдір көңіл, мол табыс, мерейлі өмір, мұңсыз күндер, мағыналы ғұмыр тілеймін! ❤️"
"Алла шүкір Мирас аға Алла Тағала сізге ұзақ ғұмыр берсін осы өмірде барлық жақсылықтарды тілеймін әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін бақыттың базарында алланың назарында жүре беріңіз аға Мен сіздің жақсы көремін Мирас аға аман болсын аға ☝☝☝☝🥹🥹🥹🥹🥹🥰🥰🥰🥰😍😍"
"Tochno Hit an bolipty. Kaita kaita tindap otrmiz toimai. Keremet. ❤❤❤🎉🎉🎉🎉"
"Мирас аға, өнеріңіз өрге жүзсін! Еліміздің бетке ұстар әртісіз, қазақ музыкасымен таныстыршы деген барлық достарыма бірінші кезекте сізді тыңдасын деп айтамын, рахмет сізге❤❤"
"Оте жаксы шыкты, Марго саттылык 1шы клип ары карай одан сайын атындар, рахмет барлыгына осындай аншылер бар екеныне, тек шынымен осы ойы бар адамдар гана тусындырып жеткызе алады!"
"Кейде адам біреуді ұмыту үшін емес, сол адамды еске алғанда жүрегі ауырмасын деп ән тыңдайды. Мирас Жугунусов ағамыздың «Jai Gana» әні дәл сондай жандардың жүрегіне жол табатын туынды екен. Бір әуеннің ішінде қаншама айтылмаған сезім, сағыныш пен үміт жатыр.Нағыз өнер деген осы шығар!Жарайсыздар өнерлеріңіз өрлене берсін🥳🥳😍😍😍"
"Oh wow! Certains plans sont absolument magnifiques. Les couleurs sont vibrantes et le contraste chaud/froid par moment est quelque chose que j’affectionne tout particulièrement. Le thème du clip est en accord avec la saison, cette belle saison qu’est l’automne 🍂 avec ses jolies teintes de rouge et d’orange. D’ailleurs, ce plan avec l’arbre rouge derrière Miras est superbe. J’aime beaucoup la direction artistique de cette vidéo. Vous avez fait du bon travail. Сіздерге рахмет! 🤍🌼 La chanson je l’aime vraiment beaucoup. Elle est rafraîchissante. 🎶"
"Мирас, сіздің әр әніңіз жүректің бір жерін қозғайды ғой… 🥹 «Жай ғана» да ерекше атмосферасымен баурап алды. 6 жылдан бері тыңдап келемін, бірақ сіздің әндеріңізден жалығу деген мүлде жоқ. Керісінше, күннен-күнге ғашық болып барамын. Сізді мақтан тұтамын! ❤️🩹"
"Музыканың ырғағы өте күшті,сөздерінің мәні сөзім жоқ!Клип түсіру,локация,басқа елдің атмосферасы бәрі үлкен еңбек!Тек қана алға тыңдармандарыңыз көбейе берсін! Мирас❤"







Yorumlar
Yorum yazabilmek için giriş yapmalısınız.
Bilgi: Butona tıkladığınızda xloji güvenli giriş sayfasına yonlendirileceksiniz. Giriş yaptığınızda otomatik olarak bu sayfaya geri döneceksiniz. İlk giriste hoş geldin enerjisi tanımlanır.
Yorumlar yükleniyor...