Сыбырладым мен өз өзіме
Бәрі жақсы болады деп
Сене алмаймын мен өз көзіме
Басқаны таңдайды деп

Есіктің артында
Басқаның жанында
Көңіліңді көтеретін
Басқа қыз таптың ба?

Құлыптағы кілтті бұрауға
Батылым бармай
Сені өзгемен көруге
Қалғаны аздай

Үндемедім
Мен бұрылдым да
Артқа қайттым
Дым көрмедім
Сырттан сездім
Махаббаттан зардап шектім

Сыбырладым мен өз өзіме
Бәрі жақсы болады деп
Сене алмаймын мен өз көзіме
Басқаны таңдайды деп

Кешір сеніміңді ақтамадым асылым.
Тағы айыптымын қате қадам басылып.
Үйден шықты ұрыстар ескі сандық ашылып
Қара бұлт жауып аспанды жұлдыздары шашылып..

Жоқ мен оны таңдамадым көздерім өзіңе ғашық
Әлі жүрмін өкініп те бұл тақырыптан да қашып
Айтшы шындығыңды ашып ары қарай не боларын?
Кешір тағы уәде беріп "ТЕҢ" болмадым..

Sample comments about this video

"Дархан көзіне шөп салып, содан Дарикорн ренжіп ішкі сезімін өлеңмен жеткізеді гой бізге😢😢😢"

"Шынымен де өте әсерлі клип екен. Мағынасын терең түсінген адамға бұл жай ғана бейне емес, үлкен ой салатын туынды. Әр көрінісі адамның ішкі жан дүниесін, сезімін үнсіз-ақ жеткізіп тұр. Клиптен ерекше әсер алып, біраз ойға қалдым. Осындай мағыналы дүниелер адамға өмірге басқа қырынан қарауға себеп болады. Өте керемет! 👏"

"Бұл әнде адамның ішкі күйзелісі мен өкініші суреттеледі. Кейіпкер сүйген адамының өзінен алыстап, басқа адамды таңдағанын сезеді. Сол себепті ол жалғыздық, қызғаныш және жүрек жарасын бастан кешіреді. Сонымен қатар, өз қателіктерін түсініп, сенімді ақтай алмағаны үшін кешірім сұрайды. Әннің негізгі идеясы – махаббаттағы сенімнің маңызы және жоғалтқан адамға деген сағыныш пен өкініш. Мен осылай ойлаймын 💔💔💔 Проста без слов клип"

"Өте күшті шығыптыы,менің ойымша әннін негізі ойы екі адамның арасындағы от,яғни арасына түскен үшінші адам,соның кесірінен отбасы ойран болады,клипте көрсетілгендей төбеден,ай даладан келген меторит отбасының тас талқанын шығарды,ұрыс керіс жанжал,ажырасу ескі сандықтар ашылып дегені бұрыннан басқа жанды тандағаны,бырақ әліде алдап тұр (Менің ойым)"

"Өнер әлемінде өзінің ерекше әндермен өзіндік орны бар Дариге тек алға керемет туындыларың шыға берсін. Тамаша мағыналы ән"

"Адам болгансон Бари Болат отет керемет аитылган ан оркенин осин керемет"

"Дариға Дәл осылай қабылдап, көміп таста болды. Дальше тек тоқтамай өнерінді қолға ал. Саған лайықты адамды Алла өзі сездіреді. Сол күнді Күт . Артына қарама , тек Алға жаным❤"

"Дари сен өте ақылдысың даусың өте күшті біз сені жақсы көреміз 💔мұңайма тек алға бағың жансын❤"

"Клип те өлең де керемет👍👍👍 Дари тоқтама тек алға ерке қыз❤️❤️❤️"

"Алла бар , катты жылап алдым, озимди токтата алмай 😢. Жаным клип кушти асерли, журекке отти ❤"