Мен тауың болсам тым биік,
Ақ қарым болшы шыңымда.
Мен тұрсам көктен нұр құйып,
Сезімге шомыл шыңында

Көк теңіздегі кемемін,
Жағаға жеткіз желкен боп.
Мен жалау болсам жаныңа,
Самал боп соғып сен тербет

Менің дәруменім,
Сезіммен беріп тұршы нәр,
Сен күлсең көктен күн шығар!

Сенсің жаным менің,
Біздегі жүрек бір шығар,
Өзіңсің маған шын сыңар!

Мен махаббаттан жеңілсем,
Сен жүрегімді құрметте,
Көкжиек болып көрінсем,
Түсіріп алғын суретке.

Sample comments about this video

"Нұрайлым. Менің нұрым, менің айым. Білемін, сен мұны оқып отырсың. Өйткені саған осындай әндер ұнайтын. Мен саған батылдық жасап, жаза алмай жүрмін..Тағы да отказ алудан қорқамын. Әлі де көктемдегі жоқ дегеніңнен емделе алмай жүрмін...Әлі де "бақытты бол" дегеніңді ұмыта алмай жүрмін. Мен сенсіз қалай бақытты боламын? Неге маған мүмкіндік бере алмайсың? Тым құрыса шынымен сүйдің бе соны айтшы. Мен бұл сұраққа жауап таппай, іштей езіліп жүрмін. Неге мені сүйсең, бір рет мүмкіндік бере алмайсың? Мен сен үшін барлығына қарсы шығамын, тек сен мүмкіндік берсең болғаны... Махаббат деген сондай екен ғой...күтумен, жылаумен және сүюмен, күн санаумен өтеді. Мен өкінемін. Сол кездері балалық жасағаныма, саған мән бермегеніне. Сені жалғыздықта тастап кеткеніме...Асылып қалғым келеді. Әр жолы. Бірақ сені көрмей кету деген... Арадан міне 4 жыл өтіпті. Маған 400 жылдай сезілді. Сенсіз өткен әр түнім, сені ойлаған минуттармен, жастығыма сіңген көзжастармен және сен сүйіп тыңдаған әндерді естумен өтуде. Мен сені сүйгеніме ешқашан өкінбеймін. Бұл махаббат, ол кінәсіз, таза сезім. Дәл өзің сияқты әдемі. Сенің күлкің, жанарың, көздерің сияқты әдемі. Мен үшін сен ең әдемі қызсың. Сен менің барым, бақытым едің ғой... Мен сені сағындым. Қатты."

"Тууууууййй не ән енді мынауу???😭😭😭😭😭💔💔💔💔💔💔💔 Сөзсіз жүрекке жетті!!! Бейнебаян да өте әдемі шыққан. Енді бұл әнді шын өмірде есту бұйырсын🥹 Күзгі турдан Семей қаласын көрмегенде қатты көңілім түскен еді, бір күні келесіз деген үміттемін)"

"Мен белгілі бір әншінің жаңа әнін тағатсыздана күтіп жүретін адамдардың барына қуаныштымын. Өйткені бүгінде жасанды интеллект арқылы жасалған дүниелер көбейіп кетті. Олар қанша жерден сапалы көрінгенімен, көбіне жан мен жүректен алыстау. Нағыз өнер адамның сезімінен, өмірден алған әсерінен туады. Сол себепті де жасанды интеллект осындай шынайы әнді дәл осылай жаза алмайды. Абзал Браво, жарайсыз! 👏"

"Жүрегім езілді тыңдап отырып😭😭😭 кімнің самалы болар екенмін, тезірек кездессе екен тауым"

"Абзал Утешов: Дәруменім 1) Мен тауың болсам тым биік, Ақ қарым болшы шыңымда. Мен тұрсам көктен нұр құйып, Сезімге шомыл шыңында. Көк теңіздегі кемемін, Жағаға жеткіз желкен боп. Мен жалау болсам жаныңа, Самал боп соғып сен тербет. Қ-сы Менің дәруменім Сезіммен беріп тұршы нәр Сен күлсең көктен күн шығар Сенсің жаным менің Біздегі жүрек бір шығар Өзіңсің маған шын сыңар 2) Мен махаббаттан жеңілсем, Сен жүрегімді құрметте, Көк жиек болып көрінсем, Түсіріп алғын суретке. Қ-сы Менің дәруменім Сезіммен беріп тұршы нәр Сен күлсең көктен күн шығар Сенсің жаным менің Біздегі жүрек бір шығар Өзіңсің маған шын сыңар Мен махаббаттан жеңілсем, Сен жүрегімді құрметте, Көк жиек болып көрінсем, Түсіріп алғын суретке."

"Дәруменім Мен тауың болсам тым биік, Ақ қарым болшы шыңымда. Мен тұрсам көктен нұр құйып, Сезімге шомыл шыңында Көк теңіздегі кемемін, Жағаға жеткіз желкен боп. Мен жалау болсам жаныңа, Самал боп соғып сен тербет Менің дәруменім, Сезіммен беріп тұршы нәр, Сен күлсең көктен күн шығар! Сенсің жаным менің, Біздегі жүрек бір шығар, Өзіңсің маған шын сыңар! Мен махаббаттан жеңілсем, Сен жүрегімді құрметте, Көкжиек болып көрінсем, Түсіріп алғын суретке."

"Әніде клипыда уйлескен әдемі туынды болып шығыпты!🥳👍🏻Еш күмәніміз болған жоқ☺️, биік талғам тек тыңдармандарыңызда ғана емес, бірінші орында өзіңіздің талғамыңыз биік болып тұрғаны сөзсіз! Әрбір әніңіз ерекше. Сөздерінің мағынасынада мән бересіз👍🏻, әнші болса сіздей ақ болсын!🫶🏻🎹🎼Алматыдағы бірінші концертіңізге барып едім, енді екінші концерткеде билет алып қойдым!🎉 Әсерлі кеш күтеміз сізден!🥰"

"Ғажап туынды! Жүрек пернесін қозғап, езуіме еріксіз күлкі үйірген әдемі әуен болды❤ Плейлистіме талғаммен қосылған жаңа ән. Рахмет! Жасай беріңіз❤"

"керемет туынды. кейде махаббаттың шынайылығына мән бермей алыстауға тырысамыз, ал шын мәнінде жоғалтқан кездеғана шынайы чезім екеніне көзіміз жетеді❤"

"Әрбір әнініз керемет😍 өнерінізге ғашықпын! Жүректі ауыртады, жылатады, жұбатады💔❤️‍🩹 Шабытыныз таусылмасын🫂 Бейнебаян өте әдемі,әсерлі, осы жігітпен-қыз сезімді жақсы жеткізді!👏🏻👏🏻👏🏻"